ДНҚ технологиясы: Бұрын жасалған қылмыстар қалай анықталады?
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовті өмір бойы бас бостандығынан айыратын үкім шығарды. Прокурорлар да сол жазаны сұраған еді.
Оқиға бір жылдай бұрын болған. Яна 2024 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Тергеу материалдары бойынша Яна әлгі Ризуан дегенмен қыз бен жігіт болып жүреді. Бірақ қарым-қатынас әрі қарай Яна үшін драмаға толы өрбиді. Сол кезде Ризуан танысы Алтынбекті 500 мың теңгеге жалдайды. Олар Янаны тұншықтырып өлтіріп, денесін Жайық өзеніне лақтырып жіберген. Қылмыстан кейін екеуі ештеңе болмағандай дәмханада ішімдік ішкен. Сегіз айға созылған іздеуден кейін оның сүйегі өзен жағасынан табылды...
Іс бойынша басты айғақ – Янаның күнделігі. Сондағы жазбалар бәрін пайымдауға көмектескен.
Бір айтатыны – судья Зарема Хамидуллина үкім оқығанда: «Сендер Янаны сүйгені үшін өлтірдіңдер», – деді. Бұл – әйел өліміне кінәлілерді өмір бойы бостандығынан айыру жазасы кесілген еліміздегі алғашқы үкім.
Ал біздің материал генетикалық сараптама туралы. Бұл - негізі өте маңызды құрал. Дамыған елдерде 30 жыл бұрын пайда болған. Қылмыс болған жерде құйттай, құйттай дегенде көзге көрінбейтін, бірақ әйтеуір биологиялық материал табылса, қылмыскерді анықтауға мүмкіндік еселеп артады. Ақыры табылады.
Тіпті жылдар салып. Жақында генетикалық сараптама арқылы 23 жыл бұрын болған қылмыс ашылған.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04