Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі: Нені білу керек?
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жекеменшік үй өртеніп, 12 адам қаза болғанын, оның 9-ы – бала екенін естіген жұрт «аһ» ұрды. Бәрі бір әулеттің адамдары. Олардың ішінде бес баласымен ата-анасы — бір отбасы түгел жанып кетті...
Өрттен қатты зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген. Кейін үшеуін де тікұшақпен алып кетіп, Шымкент ауруханасына жатқызды.
Суыт хабар өрт сөндіру қызметіне таңғы бес жарымнан аса түскен. Өрт сөндірушілер жеткен сәтте үй отқа оранған.
Көршілерінің сөзінше, өрт салдарынан мерт болған тоғыз баланың ата-аналары бірге туған ағайындылар, – деп жазды ақпарат құралдары. Соның алдындағы күні сүндет тойға қатысып, кейін бәрі жаңағы өртенген үйде болған.
Үкімет комиссия құрды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық еткен комиссия «Алғабас ауылындағы өрт қасақана жасалмаған, қылмыстық құрам жоқ» деп мәлімдеді. Сонда не себеп болды?
Пештен тарайтын улы газбен тыныстаған адам оянған күннің өзінде денесін басқара алмайды. Қауқары болмайды. Орнынан тұра алмайды. Ал өрт кезінде температура 1–5 минуттың ішінде 700–800 градусқа дейін жетеді. Мысалы, судың қайнау температурасы 100 градус.
Қ. Бозымбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік пен әкімдіктерге пеш жағатын тұрғын үй секторын, жатақханалар мен хостелдерді аралап, рейд өткізуге тапсырма берген.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлер құрамасы үстел теннисінен рейтинг жаңартты
08.06.2026, 17:33
Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
08.06.2026, 17:30
Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр
08.06.2026, 17:25
Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
08.06.2026, 17:22
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17
Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады
08.06.2026, 17:15
Астанаға 4 айда ₸587 млрд инвестиция тартылған
08.06.2026, 17:12