23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережесіне өзгерістер енеді
Ертеңнен бастап елімізде жол қозғалысы ережесіне өзгерістер енеді. Енді елді мекен ішінде жүк көлігінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспауы тиіс. Алайда арнайы белгілермен рұқсат етілген аумақтарда сағатына 80-90 шақырым болып қала береді.
Қолайсыз ауа райы кезінде жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам көлік болса, екі патрульдік полиция машинасы міндетті түрде ілесіп жүруі керек. Сонымен қатар шағын автобустарға да қоғамдық көлік аялдамаларында жолаушы түсіріп-мінгізуге рұқсат берілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол апаты болған. Тек жылдамдықты асырудан 406 адам, қарсы бағытқа шығудың салдарынан 400 адам көз жұмған
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы