Басты Жаңалықтар Астана мен Алматы көшелеріндегі жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады

Астана мен Алматы көшелеріндегі жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады

Астана мен Алматы көшелеріндегі жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазды. Құрылыс кодексі бойынша жұмыс тобы аталған түзетуді қолдаған. «Алматыда олигархтар халықтан тұрақ ақысы арқылы ақша жинады. Қаланың бюджеті милиардтаған теңгеден айырылды, кінәлілер сотталды, бірақ жүйе тоқтаған жоқ. Алматыда да, Астанада да жалғаса берді. Халық төлеп жатқанда, біреулер сол ақшамен байып отырды», -деп жазды ол. Бұл жүйеге нүкте қою керек деген депутаттар тобы дүйсенбі күні Салық комитетінің соңғы шешімі шығатынын айтты.

Ал Астана қаласы әкімдігі қазір кәсіпкерлермен келісім шартты бұзу шарасы жүргізіліп жатқанын, нақты талап пен ереже бекітілген соң, қосымша ақпарат беретінін хабарлады.


Бөлісу