БҚО-да алаяқтарға көмектескен азамат сотталды
Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен ер адам 5,5 жылға сотталды. Ол жәбірленушілерден бірнеше рет ақша алып, алаяқтарға беріп отырған. Полиция қызметкерлері күдіктіні Қызылорда облысының Арал қаласынан ұстаған. Тінту кезінде одан 2 мың АҚШ доллары мен 265 мың теңге табылған. Алаяқтар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, қала тұрғынын алдаған. Психологиялық қысым жасап, жеке депозитінен бірнеше миллион теңгені қолма-қол алуға және ақшаны курьер, таксиден беріп жіберуге көндірген. Қазір осы қылмыстың өзге қатысушылары іздестіріліп жатыр. Сот шешімімен айыпталған азамат кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12