Басты Жаңалықтар Абай облысында үздік мамандар марапатталды

Абай облысында үздік мамандар марапатталды

Абай облысында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді. «Алтын күз» салтанатты шарасында өңірдің аграрлық салада еңбек етіп жүрген үздік мамандарға құрмет көрсетілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 404 миллиард теңгеден асып, нақты көлем индексі 100,8 пайызды құраған. Мал шаруашылығында 105 пайыздан астам өсім бар. Қайта өңдеу саласында жаңа зауыттар іске қосылып, техника паркі жаңарып келеді. 15 миллиард теңгеден астам субсидия мен жеңілдетілген несие беріліп, жаңа техника сатып алынған.

Берік Уәли, облыс әкімі:

Ауыл шаруашылығын дамытып, өрісті малға, даланы дәнге толтырсақ, болашағымыз жарқын болмақ. Жоғарыда атқарылып жатқан жұмыстар, болашақ даму жоспарларымен қоса, биылғы жеткен жетістіктерімізді де атап өттік. Бұл жетістіктер – мемлекет пен Мемлекет басшысының қолдау және Сіздердің маңдай терлеріңіздің, қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.

Салтанатты шарада ауыл шаруашылығында ерекше еңбек еткен мамандарға мемлекеттік және салалық марапаттар табысталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Еңбек Даңқы», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдері, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» мен «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері бар. Биыл алғаш рет саланың үздік қызметкерлеріне 10 автокөліктің кілті тапсырылды. Озық мамандар «Үздік шопан», «Үздік механизатор», «Үздік агроном», «Үздік жас маман» және басқа да номинациялар бойынша анықталды.

Ержан Мэлсов, «Үздік шопан» аталымының иегері:

«Мал өсірсең қой өсір. Пайдасы оның көл-көсір» демекші, қазіргі таңда қой шаруашылығына көп көңіл бөлу керек. Қазір мал бағатын адамдар көп жоқ. Әсіресе, жастар. Ауыл болмаса Қазақстан дамымайды негізі. Сол себепті ауылға көп көңіл бөлу керек.


 


Бөлісу