Сарапшылар: Оңтүстік Кавказ елдерімен өзара сауда еселеп артады
Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі, Қазақстанның Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс елдерімен байланысын нығайтады. Экономист сарапшылар осылай деп отыр. Жаңа логистикалық маршруттардың пайда болуы, сондай-ақ Армения Премьер-министрінің елімізге сапары барысындағы келісімдер екеуара ғана емес, тұтас өңірдегі жағдайды өзгертеді дейді олар.
Жанар Ғабдуллина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:
2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 82 млн АҚШ долларын құраса, бүгінгі таңда біздің болжам бойынша бұл экспорттың әлеуеті 350 млн-ға дейін баруы мүмкін. Көрікті мысал деп айтсақ болады. Ол деген 30 жылда бірінші рет Қазақстаннан Әзербайжан арқылы Арменияға бидайдың жеткізілуі. Таяу Шығысқа Қазақстанның тауарларының жеткізілуіне бірден-бір үлес қосатынына және де ара қатынасымызды нығайтатынын факторлардың бірі десек болады.Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі комитетінің басқарма басшысы:
Армян тарапы осы күннің өзінде Маңғыстау облысында, Атырау облысында жаңа өздерінің терминалдарын салып, Қазақстанмен тауар айналымын ұлғайтуға ниет білдіруде. Сонымен қатар армян тарапы біздің елді транзит ретінде қолданып, Қытай елінен жүк тасымалдауға, сондай-ақ өзінің экспортын біздің ел арқылы Қытайға шығаруға ниетті.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17