«Таза Маңғыстау» экологиялық челленджі өтіп жатыр
Маңғыстауда 45 күндік экочеллендж өтіп жатыр. Оны үкіметтік емес ұйым өкілдері мен волонтерлер жүзеге асыруда. Челленджге кез келген азамат және еңбек ұжымы қатыса алады. Талап бойынша 45 күн бойы тазалық жұмыстары мен табиғатты қорғауға бағытталған шараларға атсалысу керек. Сосын оны #ТазаҚазақстан және #ТазаМаңғыстау хэштегімен әлеуметтік желіге жариялау қажет. Ең белсенді қатысушыларды арнайы комиссия таңдайды. Үздіктерге қаржылай сыйлық берілмек.
Жеңіс Енболатұлы, ерікті:
Бұл қарапайым халыққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Яғни, қоқыс тастамау. Ағаштарды отырғызу, сонымен қатар қуат пен суды үнемдеу деген сияқты бағытта өткізіледі. Қазіргі кезде бізде 45 күндік «Таза Маңғыстау» деген челлендж өтіп жатыр. Соған қосылып, күнделікті әдетке айналдыруға тырысу.
Кирилл Осин, экочелленджді үйлестіруші:
Жеке қатысушыларға 2 млн, ал еңбек ұжымдарына 5 млн теңге сыйақы қарастырылған. Әлеуметтік желіде «tazamangystau» парақшасы ашылды. Оған челленджге қатысушылардың әр жұмысы «EcoИгіІстер» күнтізбесіне онлайн тіркеледі. Яғни, олардың әр күн сайын тазалыққа атсалысуы, көшелерді абаттандыруға қосқан еңбегі үшін ұпай қосылады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16