Маңғыстауда 700 сарбаз ант берді
Маңғыстауда 700-ден астам жас сарбаз әскери ант берді. Жауынгерлер «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында және Бейнеудегі барлау полкінде Отан алдындағы борышын өтейді. Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары да арнайы шақырылды. Ант қабылдау рәсімінен соң, жас сарбаздар саптық даярлық, қарумен әрекет ету, әуе қарсыласының шабуылына тойтарыс беру сияқты іс-қимылдар көрсетті. Алдағы уақытта олар жас мамандар бағдарламасы бойынша оқып, артиллерия, танкі, байланысшы, атқыш, барлаушы және басқа да әскери-есептік мамандықты меңгереді.
Ратбек Қуатбекұлы, 25744 әскери бөлімі 1-щабуылдау батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
Жас сарбаздар бір айдың ішінде алғашқы әскери дайындық сабағын өтіп және атыс дайындығынан сабақтар өтілді. Жас сарбаздар әскери өмірге толық дайын. Жас сарбаздар сенбі, жексенбі күндері қалалық сейілдемеге шығып, дүйсенбі күннен бастап толық өздерінің міндетіне кірісетін болады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16