Басты Жаңалықтар Лаңкестерге қарсы күресте күш біріктіріледі

Лаңкестерге қарсы күресте күш біріктіріледі

Лаңкестер мен экстремистердің қылмыстық әрекеттері үшін интернетті белсенді қолдануына жол бермеу. Киберкеңістікті бақылау бойынша ынтымақтастықты нығайту. Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиынында осы мәселелер талқыланды. Ауғанстан мен Сирияда белсенділік танытып жүрген топтар Орталық Азия елдерінде де өз «ұяшықтарын» құруға мүдделі. Жоспарды іске асыру мақсатында интернетті пайдаланудың жаңа әдістерін меңгеріп, ақпарат алмасуға талпынады дейді жиналғандар. Мұны болдырмау үшін аймақ елдерінің күш біріктіруі керектігі айтылды. Біріккен ұлттар ұйымы мен өзге де бірқатар беделді халықаралық ұйым өкілдері қатысқан басқосуда өзара ынтымақты арттыру шаралары қабылданды.

Ұларбек Шаршеев, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы  атқару комитетінің директоры:

Терроризм мен экстремизмді ешбір мемлекет жалғыз жеңе алмайды. Бұл жолда бейбітшілікті жақтайтын барша елдердің бірлікте әрекет етуі маңызды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылғалы бергі кезеңде қанша мыңдаған лаңкестік топтардың жолы кесілді. Мұның барлығы жұмыла күресудің арқасында мүмкін болды.


Бөлісу