Қазақстан мен Еуроодақ Парламенаралық диалогты нығайтуға уағдаласты
Еуропалық Одақ Қазақстанмен барлық салада байланысты бекемдеуге бейім. Өзара іскерлікті нығайту үшін Еуропалық парламент пен біздің елдің депутаттары Брюссельде Парламенттік Ынтымақтастық комитетінің 22-отырысында бас қосты. Жиынға Қазақстан делегациясын Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастап барды. Отырыста депутаттар адам құқы, заң үстемдігі, азаматтық қоғамды дамытуды талқылады. Экономикалық, экологиялық проблемалармен бірге гуманитарлық саладағы ынтымақты арттыру жайы да сөз болды. Еуродепутаттар еліміздегі реформаларға жоғары баға беріп, парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға уағдаласты.
Кристиан Вигенин, Еуропалық Парламент депутаты:
Қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі ретінде маған Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртектен бас тарту, декарбонизация мақсаттарын талқылау өте өзекті. Елдеріңізде энергетика саласын дамытуда ілгерілеушілік көп. Соны және Орта дәліздің әлеуетін сөз еттік. Орта дәліз Еуропалық Одақ үшін де, Орталық Азия үшін де өте маңызды жоба. Ынтымақтың көкжиегін әрі қарай кеңейтуге ниеттіміз.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Еліміздің әлеуеті, логистикалық мүмкіндіктер, суды пайдалану. Еуропалық кеңестің депутаттарын көп жағдайда осы мәселелер алаңдатты. Осы мәселелер төңірегінде сұрақтар көп қойылды. Және депутаттар Қазақстанмен осы бағыттағы әріптестікті әрі қарай дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы