Басты Жаңалықтар ШҚО-да дабыл құрылғылары орнатылып жатыр

ШҚО-да дабыл құрылғылары орнатылып жатыр

 Соңғы 2 айда Шығыс Қазақстан облысында 82 рет өрт шығып, салдарынан 7 адам көз жұмды. Сондықтан төтенше жағдай қызметінің мамандары рейд өткізіп жеке үйлердегі жылыту құрылғылары мен пештерді тексеріп жүр. Тіпті әлеуметтік осал топтағы отбасылардың ошағынан ақау анықталса өздері жөндеп береді. Өңірде соңғы 3 жылда улы газ шықса дабыл беретін 17 мыңнан астам арнайы құрылғы орнатылды. Былтырдан бері осы құрылғының арқасында 42 адам құтқарылған. Бүгінге дейін өртке қарсы қызмет мамандары 20 мың ауланы аралап, ақпараттық -түсіндіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық өрт қауіпсіздігін сақтамаған дерек тіркелді. Ал құтқарушылардың ұсынысы арқасында 1200-ге жуық өртті болдырмау шарасы қабылданды.

Азамат Құмарбеков, ТЖД аға инженері:

Бүгінгі акцияның мақсаты өрт оқиғалары мен адамдардың жарақат алу фактілерін азайту. Бүгін Глубокое ауданында әлеуметтік осал топқа жататын жылыту пештері жөнделіп, улы газ датчиктері орнатылып, жылыту пештері тазартылып жатыр.  
 

Бөлісу