Ақтөбеде «Жасыл балабақша» жобасы жүзеге асырылуда
Балалар өскен өлкесін көркейтуді балабақшадан бастап үйреніп жатыр. Ақтөбеде басталған ерекше жоба аясында тәрбиеленушілер бау-бақша өсіріп, айналаны көгалдандыруға дағдыланады.
Балалар 4-5 жастан бастап-ақ гүл өсіреді, өсімдік түрлерін ажырата біледі. Тәрбиешілер оларға жасыл желектің пайдасы туралы айтып, оны қалай баптау қажеттігін үйретеді.
«Жасыл балабақша» жобасына балалардың қызығушылығы жоғары. Мұндағы қысқы бақта тек тропикалық аймақтарда өсетін ерекше өсімдіктер жайқалып тұр. Ал көктемде тәрбиешілер балалармен бірге аулаға бау-бақша өсіреді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін өзге де шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
Раиса Суханберлиева, балабақша меңгерушісі:
Мына саябақтың ішінде бізде құрма, туя, лимон, финиковая пальма, пальма юка және де тағы да басқа өсімдіктер өседі. Біз осы «Жасыл балабақша» жобасымен айналысқасын біздің тәрбиешілер де, балаларымыз да өте жақсы жұмыс жасайды.
Ал Жетісу облысы Бақтыбай ауылында жастар мен еріктілер Көксу өзенінің жағалауын тазартты. Нәтижесінде 1 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту үшін тұрғындар эклогиялық ақцияға белсенді атсалысып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы