Ақтөбеде ЖИ көмегімен кітап құрастырылды
Ақтөбе тұрғыны жасанды интеллект көмегімен екі бірдей электронды кітап жазып шықты. Оның екеуі де өлке тарихына арналған. Автор сұранысқа сай еңбектерін баспадан шығаруға да қамданып жатыр.
Айдана Ким жасанды интеллектінің қыр-сырын арнайы курстан үйренген. Кейін
қызының ел тарихына деген қызығушылығын арттыру үшін кітап дайындауға ден
қойды. Бұл еңбектерінің бірі
Ақтөбе қаласына арналған.
Айдана Ким, кітап авторы:
Қателер болды. Оны дер кезінде түзеп отырдым. Көрнекі суреттер де тұпнұсқадан ауытқыған жоқ. Әсіресе балаларға қызықты болуына мән бердім.
Айдананың қос кітабы қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Облыс аумағындағы
Қасқыр сарқырамасы, Қарғалы суқоймасы, Ақтолағай үстірті секілді көрікті жерлер
туралы қызықты ақпараттар топтастырылған. Автор осылайша жұртшылыққа аймақтың
туристік әлеуетін таныстыруды көздеген. Ал кітапхана мамандары жасанды
интеллект көмегімен жазылған мұндай кітаптарға сұраныстың артқанын айтады.
Қызғалдақ Алпысбаева, кітапханашы:
Қазіргі балалар үшін ең маңыздысы – олар ақпаратты көзбен қабылдайды. Визуалды форматта қабылдап, қызығушылықтары оянады. Жасанды интеллект соларды бере алса, талаптарды орындай алса, әрине оқырмандар үшін және нарықта өз орнын табады деп ойлаймын.
Айдана өзінің еңбектерін оқырмандарға таныстырды. Ол енді аңыз-әфсаналарға
негізделген кітап шығаруды жоспарлап отыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04