«ТМД-ға арналған 100 идея» жобасының финалы өтті
Астанада «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық жастар жобасының финалдық кезеңі өтті. Талантты жастар жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, медицина, әлеуметтік салада маңызға ие инновациялық жобаларын көрмеде ұсынды. Олар Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген болашақ стартаперлер. Қатысушылар алдымен өз мемлекеттерінде ұлттық іріктеуден өтіп, халықаралық финалға жолдама алды.
Айта кетейік, жастардың жаңашыл идеясын қолдайтын маңызды шара ТМД елдерінде
2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Бану Ибрагимова, жобаға қатысушы /Әзербайжан/:
Бұл құрылғы – топырақ құрамын токсиндерден тазартады. Өйткені жер бетінде өздігімен ыдырамайтын зиянды заттар өте көп. Тазарту 3 кезеңнен тұрады. Мысалы мына суды – метанол деп алып қарайтын болсақ, осы арқылы миксердің көмегімен топырақтағы зиянды заттарды ерітеміз. Құрылғыны 6-шы сыныпта ойлап таптым. Енді суды тазарту үшін осы сияқты тағы бір әдіс ойлап шығарғым келеді.
Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы
комитетінің төрағасы:
Сегіз мемлекеттен қонақтарымыз келіп отыр. Сол кісілермен бірлесе отырып жаңа жобаларды көреміз, пікір алмасамыз, тәжірибе алмасамыз, жақсы жобалар болса өз мемлекетімізде соларды қолданатын боламыз.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04