Сот сараптамасына ЖИ қолданылатын болды
Сот сараптамасында істейтін мамандар да енді жасанды интеллект көмегіне жүгінеді. Қазақстанның Тәуелсіз сот сараптамасы альянсы бүгін anse.kz порталын таныстырды. Автоматтандырылған кешен сала жұмысын жеңілдетпек. Бұл туралы Қазақстан сот сараптамасының 75 жылдығына орай өткен Халықаралық форумда айтылды. Жиын «Жасанды интеллект дәуіріндегі сот сараптамасының болашағы» деп аталады. Шараға Ресей, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан, Румыния, Үндістан мен Түркиядан келген ғылыми қауымдастық өкілдері, сот сарапшылары қатысты.
Мехмед Шен, Түркия ІІМ оқиға орны мен сот-медициналық бейнелеу саласының
сарапшысы:
Мен автокөліктерге жасалатын кибершабуылдар туралы баяндама жасаймын. Тәжірибемде болған осындай жағдайларға қатысты зерттеуімді ұсынамын. Жалпы сот сараптамасы саласы біздің Түркияда да, Қазақстанда да қарқынды дамып келеді. Бірі озық, бірі кем деп айта алмаймын. Десе де тәжірибе алмасу бәрімізге пайдалы. Әсіресе жасанды интеллектпен жұмыс қазір аса қажет.
Гүлсім Тілегенова, ҚР Тәуелсіз сот сараптамасы альянсы төрағасының орынбасары:
Еуразия Ұлттық Университетімен бірлесіп, біз әртүрлі елдерден келген сарапшылармен жаңа тәсілдерді талқылау, тәжірибелерімен бөлісу, сот сараптама ғылымының болашағына технология тұрғысынан жаңа кеңістік аштық. Осы жылдан бастап ЖИ бойынша жаңа құрал дайындадық, авторлық құқық алдық. Жасанды интеллект абстрактлы нәрсе емес, ол сот сараптама зерттеуінің сапасын жаңа деңгейге көтеретін құрал болады.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан 7 орында
20.11.2025, 13:25
Ақтауда «Таза бейсенбі» акциясы аясында 70 тонна қоқыс шығарылды
20.11.2025, 13:24
«ТМД-ға арналған 100 идея» жобасының финалы өтті
20.11.2025, 13:21
Қорғаныс саласы да бірыңғай цифрлық жүйеге көше бастады
20.11.2025, 13:18
Сарапшы: Алдағы үш жылда несие пайызы түсуі мүмкін
20.11.2025, 13:12
Трамп Эпштейн файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды
20.11.2025, 13:09
Израильдің соққысынан Газада 25 адам мерт болды
20.11.2025, 13:06
Өзбекстанда да тұмау өршіп тұр
20.11.2025, 13:03