Елімізде балалардың 20 пайыздан астамы семіздіктен зардап шегеді
Қазақстандағы 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызында артық салмақ немесе семіздік бар. Ал жасөспірімдердің 40 пайыздан астамы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тауқызы «қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты. Жиында жеткіншектерге қауіпті, сертификатталмаған өнімдерге қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру сөз болды.
Ажар Хамит, Әлеуметтік
жобалар мен қоғамдық бастамалар орталығының басшысы:
Бұл тақырып жас ұрпақтың фастфудты, газдалған және энергетикалық сусындарды, тұзы мен қанты көп өнімдерді шамадан тыс тұтыну мәселесіне қатысты. Сонымен қатар, контрафактты, таңбаланбаған және қолдан жасалған тауарлар да бар. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, дүкен сөрелерінде 10 мыңдай жалған өнім бар. Бұл анықталғандары ғана. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54