Астанада тұмаудың өршуіне байланысты қаулы қабылданды
Астанада тұмаудың өршуіне байланысты қаулы қабылданды. Енді медициналық мекемелер жұмыс күні кешкі сегізге дейін, демалыс пен мереке күндері алтыға дейін ашық тұрады. Жедел жәрдем қызметі бірінші кезекте жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді. Тұмау белгілері байқалса, науқастар онлайн-консультация ала алады. Айта кетейік, Астанада тұмау жұқтырғандардың саны бір аптада 23 мыңға жетті. Бұл осыдан екі апта бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп. Ал, бір аптада жалпы ел бойынша 183 мың адам вирустық инфекция жұқтырған.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03