ТЖМ өрт қауіпсіздігі бойынша жаппай рейд жүргізеді
Түркістан облысы Алғабас ауылында болған қайғылы жағдайдан соң Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлік әкімдіктермен бірлесіп, жаппай рейдтер мен тексерулер жүргізбек. Нақтырақ айтсақ, коттедждердің, жатақханалар мен хостелдердің, сондай-ақ пеш жағатын тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексеріледі. Ақау анықталса, шұғыл шара қабылданады.
Елдос Зияда, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:
Бізде өрт қауіпсіздігі саласында тұрғын үйлер тексеріске жатпайды. Бірақ біз рейдтік іс-шаралар кезінде пешті тексеру жұмыстары, қандай да бір ақау болса, нұсқама бере аламыз. Улы газдың түсі, иісі болмайды. Сондықтан адам оны сезбейді. Сондықтан ТЖМ профилактикалық жұмыстар аясында бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің арқасында улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды
12.06.2026, 10:30
Илон Маск әлемнің тұңғыш триллионері атануы мүмкін
12.06.2026, 10:27
Трамп Иранға соққы беруден бас тартқанын мәлімдеді
12.06.2026, 10:26
Қырғыз Парламентінің спикері Қазақстанға ресми сапармен келді
12.06.2026, 10:26
Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда көлемі артты
12.06.2026, 10:25
Жезқазғанда Ұлттық ғылым академиясының аналитикалық орталығы ашылды
12.06.2026, 10:24
Маңғыстауда үш ауысымды мектептер саны азайды
12.06.2026, 10:22
Соңғы 5 жылда балалардың кітап оқуға деген ықыласы азайған
12.06.2026, 10:21