Басты Жаңалықтар Түркістандағы өрт: Зардап шеккен науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

Түркістандағы өрт: Зардап шеккен науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

Түркістан облысы Жетісай ауданында өрттен зардап шеккен науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев айтты. Себебі 3 науқастың да жағдайы ауыр. 7 жастағы қыз бала мен 34 жастағы әйел жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, ал 39 жастағы ер адам өз күшімен тыныс алуда. Денелерін 11-12 пайыздан 30 пайызға дейін әртүрлі дәрежеде күйік шалған. Кеше Жетісай ауданына Түркістан және Шымкент қалаларынан 5 дәрігер келіп, зардап шеккен науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

Кеше комбустиолог, балалардың және ересектердің токсикологтары, балалардың және ересектердің анестезиолог-рениматологтары сол жерге барып, қажетті медициналық көмегін беріп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек бұйымдары толығымен қамтылған. Енді ары қарай көре жатар, егер жағдайы тұрақты болса, Шымкентке немесе Астанаға апару жайлы шешім қабылдаймыз.


Бөлісу