Басты Жаңалықтар Бір аптада 183 мың адам вирустық инфекция жұқтырған

Бір аптада 183 мың адам вирустық инфекция жұқтырған

Бір аптада жалпы ел бойынша 183 мың адам вирустық инфекция жұқтырған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы, яғни қыркүйектен бері 1 млн 461 мың тұрғыннан тұмау анықталған. Соның 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Вирустың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін, деді министр. Бүгінде елде 132 мектепте мың жарымдай сынып онлайн оқуға көшірілген. Бұл ретте Олжас Бектенов медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, мобильді бригадалардың жұмысын ұйымдастыруға дайын болу керек екенін атап өтті. Дәріханалардың барлығында вирусқа қарсы препараттар қажетті көлемде болуы тиіс, деді Премьер министр.


Бөлісу