10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайды
Биыл 10 айда еліміздегі қылмыс саны былтырғымен салыстырғанда 5300-ге азайды. Президент қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осындай дерек келтірді. Жыл басынан бері іздеуде жүрген 1400-ге жуық адам ұсталған. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде 1 тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді. Интернет алаяқтықпен күрес бағытында 12 сall-орталық жойылды. Алаяқтардың 2 млрд 300 млн теңгені елден шығаруына тосқауыл қойылды. Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30