Қазақстан алғаш рет АҚШ-та ірі инвестициялық жобаны іске асыра бастады
Қазақстан алғаш рет АҚШ аумағында ірі индустриялық инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Вашингтонда 1 Thirty Holding компаниясы мен АҚШ-тың Халықаралық Түсіністік жөніндегі Бизнес Кеңесі арнайы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, АҚШ-та жалпы құны 130 миллион долларлық вертикалды интеграцияланған химиялық кешен салынады. Кәсіпорын Солтүстік Америка нарығына ұнтақ бояулар мен полиэфир материалдарын шығаратын заманауи мекеме болмақ. Бұл өндіріс Қазақстанның химия өнеркәсібін жаһандық деңгейде кеңейтіп, АҚШ нарығына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуді көздейді.
Жандос Темірғали, 1 Thirty Holding президенті:
Бұл – Қазақстанның АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасы. Жобаны 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір америкалық әріптестермен алдын ала жұмыстар жүргізілуде. Бұл – таза қазақстандық инвестиция, АҚШ тарапынан үлкен мемлекеттік қолдау алып отырмыз. Бұл Қазақстаннан АҚШ-қа бағытталған алғашқы ірі тікелей инвестициялық өндірістік жоба.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
17 жастағы қазақстандық теннисші Париждегі жарысты жеңіспен бастады
01.06.2026, 10:45
Францияда тәртіпсіздіктер кезінде 800-ге жуық адам тұтқындалды
01.06.2026, 10:44
Израиль армиясы 900 жыл бұрын салынған стратегиялық нысанды басып алды
01.06.2026, 10:43
Еуропа елдері ауыз суды қатты үнемдеуге көшті
01.06.2026, 10:42
Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады
01.06.2026, 10:41
Шымкент пен Ресей арасындағы тауар айналымы 470 миллион доллардан асты
01.06.2026, 10:39
ЛРТ екі аптада миллион жолаушыға қызмет көрсеткен
01.06.2026, 10:31
Соңғы 3 айда ұялы телефонмен сөйлескен 1,5 мыңнан астам жүргізуші айыппұл төледі
01.06.2026, 10:30