БҚО-да колледж директоры 49 млн теңге жымқырды деген күдікпен үйқамаққа алынды
Батыс Қазақстан облысында колледж директоры 49 млн теңге жымқырды деген күдікпен үйқамаққа алынды.
Бұрынғы қалалық
мәслихат депутаты әрі Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің басшысы 54
адамды жалған студент ретінде тіркеген. Жоқ студенттерге өтірік баға қойылып,
табель мен үлгерім құжаттары рәсімделген. Олардың атына банк шоттары ашылып,
стипендия аударылған. Карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге адамдарға
қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.
Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері сотқа
дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
Ернар Тайжан, Қаржылық
мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17