Басты Жаңалықтар Семейде тұмау өршіп, 58 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Семейде тұмау өршіп, 58 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Тұмаудың өршуіне байланысты Абай облысында 10 мыңнан астам оқушы қашықтан оқыту форматына көшірілді. Оның ішінде 9 870 бала Семей қаласынан болса, қалғандары Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай аудандарынан. Өңірдегі 304 мектептің 58-і осындай ішінара шектеулер енгізген. Ал қалғандары барлық санитарлық талапты сақтай отырып, дәстүрлі форматта білім беріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл маусымдық вирустардың таралуын бәсеңдетіп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Данара Жүнісова, облыстық Білім басқармасының бас маманы:

Қазіргі уақытта сабаққа келіп жүрген балалар жіті қадағалауда. Мектеп дәрігерлері оқу орындарындағы жағдайды бақылап отыр. Сырқат белгісі бар, температурасы көтерілген балалар бірден сабақтан босатылып жатыр. Егер сыныптағы балалардың 30 проценті ауырса, бірден қашықтан оқытуға ауыстырылады. Семейдің барлық мектебінде дерлік онлайн оқуға ауысқан сыныптар бар.
 


Бөлісу