Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромды геморрагиялық қызба ауруы дендеп барады
Өткен жылы бұл дертке 3 адам шалдықса, биыл 33 науқас дәрігерге жүгінген. Ауру кеміргіштерден ауа арқылы таралады. Оның табиғи ошағы көршілес Ресей елінің шекаралас облыстарында тіркелген. Сондықтан облыста бұл дерт жиі кездеседі. Тышқан, егеуқұйрық сияқты кеміргештердің көбеюі өткен жылғы тасқынның әсерінен де болуы мүмкін. Ауру Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында тіркелген.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бүйрек синдромды қызба ауруын алдын алу мақсатында тұрғындарға келесіні ұсынамыз: Шөп, бидай, бидай өнімдерімен жұмыс істеген кезде және кеміргіштер болуы мүмкін шаңды бөлмелерде респиратор қолдану, кеміргіштермен ластанған болуы мүмкін өнімдерді қолданбау. Сонымен қатар, әкімдіктер тарапынан уақытылы дератизациялық жұмыстар жүргізілу қажет.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17