БҚО-да балалар арасында тұмау өршіді
Батыс Қазақстан облысында балалар арасында жіті респираторлық вирус инфекциясының таралуы көбейген. Эпидемиологиялық кезеңде 24 мыңнан астам адам ауру жұқтырса, соның 17 мыңға жуығы - бала. Сондай-ақ 18 жасөспірім тұмаудың H3N2 түріне шалдыққан. Жалпы, аурудың бұл типі бойынша 24 жағдай тіркелген. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 80%-ға толған. Бірақ дәрігерлер дүрлігуге негіз жоқ, бұл эпидемиологиялық маусымдағы қалыпты жағдай дейді.
Дергүл Ағадилова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:
Жоғары температура, қызу, жөтел - сондай аурумен келетін балалар көбейді. Көрсетілім болған жағдайда емханаға салып жатырмыз. Әр жылы болатын жағдай. Айтып жатырмыз, өте ауыр жағдайда өтіп жатыр. Дәлізде жатқан науқас жоқ. Орын бар.
Атырауда 16 мыңнан аса бала ЖРВИ жұқтырған
Атырауда да балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұр. Қазір 14 жасқа дейінгі 16 мыңнан астам баланың вирус жұқтырғаны анықталды. 250 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың 150-і 1 жасқа дейінгі балалар болса, 40-тан астамы жүкті әйелдер. Дәрігерлер сақтықты күшейтіп, қоғамдық орындарға барудан әзірге бас тартуға кеңес береді.
Әсия Сидешова, облыстық №2 аурухананың ЖРВИ бөлімі меңгерушісі:
Қазір аурухана толық. Қабылдау бөліміне 1 тәулікті есептейтін болсақ, қазір бөлімшеде, қабылдау бөлімінде 80-100 дейінгі науқас бізге қаралуда. Соның ішінде дәрігерлерге жүктеме өте көп түсіп тұр. Ауру басталған екен, мысалы, 1 жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде, 2-3 күнге дейін үйде жатып қалмай, дер кезінде учаскелік дәрігерге қаралуы керек. Үйге шақыру керек, уақытылы оның емін алуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы