Биыл 3100 салық төлеуші жалған шот-фактура жазған
Биыл 3100 салық төлеушінің жалған шот-фактура жазғаны анықталды. Айналым көлемі шамамен 1 трлн теңге болған. Осындай жағдайлар жыл сайын қайталанады. Сондықтан жаңа Салық кодексі мұндай заң бұзушылықтардың алдын алмақ. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпарынша, электрондық шот-фактураларға қатысты жүргізілген бұрынғы камералдық бақылау тәсілі енді қолданылмайды. Орнына автоматтандырылған салыстырып, тексеру функциясы енгізіледі. Бұл тәсіл салық органдарына күмәнді шот-фактураларды жедел анықтап, шұғыл шара қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ хабарлама алған салық төлеушіге бұрынғыдай 30 емес, енді 10 жұмыс күні ғана беріледі. Осылайша жалған кәсіпкерлік белгілері бар тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою көзделген.
Барлық салық төлеушіге емес, бір бөлігіне ғана осындай бақылау жүргізіледі. Яғни, тәуекелі бар салық төлеушілерге. Қосымша шот-фактуралар жазып берген кезде қаншалықты шығындар болғанын, сол шығындарға сәйкес, шот-фактуралар жазылып жатыр ма, соны автоматты түрде бақылауға аламыз. Арнайы сервис құрастырылған болатын. Ол автоматты түрде шығындарын есептеп отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы