Басты Жаңалықтар БҚО-да жол апатына қатысты облыстық комиссия құрылды

БҚО-да жол апатына қатысты облыстық комиссия құрылды

Батыс Қазақстан облысында 8 адам қаза тапқан жол апатына қатысты Үкімет тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Жұмыс тобы мән-жайды анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастырады. Облыс әкімі қайғылы жағдайға ұшыраған отбасылар мен тума-туыстарына көңіл айтты. Аудандық әкімдік тарапынан қаза тапқан жандардың жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық, психологиялық көмек көрсетілмек. Облыстық ауруханаға жеткізілген 4 науқастың жағдайы өзгеріссіз, орташа деңгейде. Олардың ішінде бір жастағы сәби мен 13 жастағы жасөспірім бар. Қалған екеуі 23, 24 жастағы әйел және ер адам. Қазір науқастар тиісті ем алып жатыр.

Айта кетейік, кеше Чапай-Жаңақала тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам қаза тауып, 4-і жарақат алған еді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Бөлісу