Алматыда Түркітілдес журналистер форумы басталды
Алматыда Түркітілдес журналистер форумы басталды. Алтыншы рет ұйымдастырылған шараға Германия, Нидерланд, Түркиядан келген мамандар журналистік этика, жасанды интелектті БАҚ-та қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Қазір форумнан әріптесім Айдана Қуантхан тікелей қосылуға әзір.
- Айдана, қайырлы күн. Форумда қандай тақырыптар талқыланып жатыр?
Айдана Қуантхан, тілші:
- Қайырлы күн, Қонысбек. Бұл жолғы форум медиа саласындағы ең өзекті мәселелерге арналған. Ауқымды жиынға әлемнің бірнеше елінен жиылған БАҚ өкілдері цифрландыру дәуірінде журналиске қажетті жаңа дағдыларды, ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын, жасанды интеллекттің медиа контентке әсерін талқылап жатыр. Сонымен қатар аймақтық медиаға цифрлық технологияларды енгізу, аудиториямен жаңа форматта жұмыс істеу тәжірибелері де назардан тыс қалмады. Дәл қазір менің жанымда қор басшысы Нәзия Жоямергенқызы тұр.
- Нәзия ханым, биылғы форумның басты ерекшелігі неде? Шетелден келген сарапшылармен қандай ортақ жобалар жасалмақ?
Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті:
Айдана Қуантхан, тілші:
Сарапшылар түркітілдес халықтардың журналистика саласындағы байланысы жоғары деңгейде дейді. Маңызды форум ертең де жалғасып, пиардағы жаңа технологиялар, әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы сөз болады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04