Түркістан облысында жанармайды ұрлап сатушылармен күрес күшейді
Түркістан облысында жанармай тапшылығын болдырмау және бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы жұмысшы топтар құрылып, күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 89 жанармай құю бекетінде бағаны өсіру фактілері анықталған. Бензинді қолдан қымбаттатқандарға шара қолданылып, баға қалпына келтірілді. Десе де өңірде жанармайды көрші Өзбекстанға заңсыз тасымалдау фактілері азаймай тұр. Оған тосқауыл қою мен тоқтату мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өтуде. Жыл басынан мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 247 факті анықталып, кінәлі тұлғаларға 10 млн теңгеден аса айыппұл салынды.
Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:
Өзбекстан республикасы шекаралас аймақтарында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдауды тоқтату мақсатында рейдтік шараларды күнделікті жүргізу және нәтижесін ақпарат ретінде ұсынуды, жанармай бағасын тұрақтандыру және тапшылығын болдырмау жұмыстары жауапты мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асыруды тапсырамын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06