БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газа бойынша АҚШ ұсынған қаулыны қабылдады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газа секторына қатысты АҚШ дайындаған қарарды қабылдады. Бұл құжат АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газаға арналған 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын қолдауды көздейді және Палестина анклавына халықаралық тұрақтандыру күштерін енгізуге рұқсат береді. Бұл күштер Газа секторын қарусыздандыру үдерісін, қару-жарақты жинауды және әскери инфрақұрылымды жоюды үйлестіреді. Трамп жоспарының бірінші кезеңін Израиль мен «Хамас» өткен айда мақұлдап, екі жылға созылған соғыста алғаш рет оқ атуды тоқтату және тұтқындармен алмасу келісіміне қол жеткізген. БҰҰ қарары осы уақытша келісімді ресмилендіріп, Газаны қалпына келтіру және өтпелі басқару құрылымын қалыптастыру үшін халықаралық заңдық негіз береді.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10