Студенттер «Startup» жобаларын таныстырды
Өскеменде индустрия бағытында зерттеу жасап жүрген жас ғалымдар мен студенттер стартап жобаларын таныстырды. Байқау негізінде өткен ғылыми шарада жасанды интеллекке негізделген нақты жұмыстар көрсетілді. Болашақ IT мамандар барлық саланы цифрландыруға мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Стартап жобалардың барлығы да техникалық университеттің «Ai Sana» білім беру бағдарламасы негізінде жазылып-жасалған. Олардың көбі өңірдегі өндірістерге цифрландыруды жедел енгізіп, жасанды интеллекті арқылы басқару технологиясына көшуге бағытталған. Сонымен қатар жас ғалымдар білім мен медицина саласы қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін бағдарламалар да жазып жатыр.
Бекжан Лұқпанов, 4-курс студенті:
Дәрігерлер көптеген анализдер алады. Мысалы МРТ, Флюорография, ЭКГ олардың бәрін бір жерден алмайды. Әр түрлі қағаздармен жұмыс істеу керек. Әр түрлі құжаттарға бару керек. Ал бізде сайт. Сайтта бәрі бір жерге жинақталған.
Ұлан Несіпқалиев, Д. Серікбаев атындағы техникалық
университетінің проректоры:
Студенттер арасында жасынды интеллектіні кеңінен насихаттау және жасанды интеллекті пайдалана отырып қазіргі таңда стартап идеялар жасау арқылы осы бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқанын бұқара халыққа жеткізу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы