Трамп Мексикада есірткі тасымалына қарсы операция жүргізбек
АҚШ Мексикада да әскери операция жүргізуі мүмкін. Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Ол мұндай әрекетке есірткі тасымалын тоқтату үшін баруға дайын екенін жеткізді. Су жолдары арқылы есірткі тасымалын 85%-ға дейін азайттық, енді құрлықтағы жолдарды да солай жабуға дайынмын,- деді Ақ үй басшысы. Алайда, Мексика жерінде картелдерге қарсы операция жүргізу үшін сол елдің билігінен рұқсат аласыз ба деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Мен бұл сұраққа жауап бермес едім. Мексика тарапымен сөйлесіп жатырмыз. Олар менің ұстанымымды біледі. Біз есірткіден жылына жүз мыңдаған адамымызды жоғалтып жатырмыз. Су жолдарын қазір тоқтаттық. Бірақ біз барлық жолды білеміз. Әрбір есірткі баронының мекенжайын білеміз. Олардың адресін білеміз. Әрқайсысы туралы бәрін білеміз. Олар біздің адамдарды өлтіріп жатыр.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54