Түркістан облысында тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапты
Түркістан облысының Жетісай ауданында жеке тұрғын
үй өртке оранып, бүтін бір әулеттің 12 адамы қаза тапты. Қайғылы жағдай бүгін
таңертең Алғабас ауылында болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде,
екі қабатты үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды. Өрт 360 шаршы метр аумақты
шарпыған. Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш
адам шығарылды. Олар жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ал үйдің ішінен барлығы
12 адамның денесі табылған. Оның тоғызы бала. Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні
бұл үйде қонақтар болған. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп
жатыр. Осы жағдай бойынша тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01