БҚО-да 2 көлік соқтығысып, 8 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам қаза тапты.
Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік оқиға Ақжайық ауданының аумағында Чапай-Жаңақала тасжолының бойында болған. Апат кезінде Volkswagen Sharan көлігі түгел өртеніп кеткен. Ал Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген 4 науқастың да жағдайы орташа деңгейдегі ауырлықта дейді дәрігерлер. Қазір науқастарға тиісті ем-шаралар жасалып жатыр. Оқиға орнында облыс орталығынан барған полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмыс істеуде.
Ернар Сұлтанғалиев, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сәйкес, бір жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. Ауа райы және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған: көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Жол-көлік оқиғасының барлық жағдайлары тергеу аясында анықталады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17