Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект туралы заңға қол қойды. Енді адамның келісімінсіз оның эмоциясына, мінез-құлқына жасанды интеллектінің көмегімен талдау жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ қоғамдық орындарда біреудің бет-әлпетін тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға болмайды. ЖИ көмегімен жеке деректерді жинау, талдау, енді заңға қайшы әрекет болып саналады. Ал қосымша бағдарламаларға «Жасанды интеллектінің негізінде жасалды» деген таңба қою міндеттеледі.
Бақберген Шәріпбек, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басқармасының сарапшысы:
Мысалы, синтетикалық кескіндер, аудио, бейнематериалдар кескіндердің астыңғы бөлігінде немесе үстінде жасанды интеллектінің көмегімен жасалған дүние екені белгіленіп, көрсетілуі тиіс. Тағы бір маңызды бөлім - авторлық құқық туралы. ЖИ көмегімен жасалған туындыларда адамның шығармашылық үлесі болса, енді ол заңмен қорғалады.
Қанат Ахатов, ІТ сарапшы:
Визауалды таңбалау дипфейктердің бақылаусыз таралуын тоқтату үшін қажет. Себебі қазір жасанды интеллект адамның түрін, дауысын, тіпті мінез-құлқын дәл имитациялай алады. Жаңа талаптар жалған бейнелерді, жалған мәлімдемелерді және біреудің атын жамылып жасалған контентті азайтуға бағытталған. Сонымен қатар бұл нормалар азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтпек.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17