Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында ауыл әйелдерінің өңірлік форумы өтуде

Қызылорда облысында ауыл әйелдерінің өңірлік форумы өтуде

Қызылорда облысында ауыл әйелдерінің өңірлік форумы өтіп жатыр. Әр аймақтан келген көшбасшы нәзік жандар іскерлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірін ортаға салды.

Елімізде ерлермен иық тіресіп, еңбек етіп жүрген нәзік жандар жетерлік. Қыз-келіншектердің түрлі бизнес жобалары бүгінде ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосып келеді. Форумға қатысушылар асыл тұқымды мал өсірудің, ет-сүт өнімдерін өндірудің заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жалпы, келешекте төрт-түлікті чиптеу арқылы мал жайғауға болады. 

Кәмшат Төлеуова, «Нұралы» ш/қ жетекшісі:

Ең бірінші менің жобам бұл тірек әріптестік. Біз 4 мың бас қойды арендаға беріп тастадық. 2019-да бердік. 2020-дан бастап қолдан ұрықтандырған болатынбыз, қошқар салмай. Қазір Үкімет тарапынан жақсы бағдарламалар бар. Жұмыс істеймін деген адамға. Ол әйел адам болсын, ер адам болсын.

Сондай-ақ шарада нәзік жандардың креативті қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, дәстүрлі құндылықтар дәріптелді. Көпшілікке ауылдық жерден шыққан ісмер әйелдердің бизнес идеялары таныстырылды. Алдағы уақытта «Ауыл» партиясы кәсіпкер әйелдердің тың бастамаларын қолдауға, өнімдерін нарыққа шығаруға жәрдемдесуге ниетті.   


Бөлісу