Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы жасанды интеллект туралы заңға қол қойды. Енді адамның келісімінсіз оның эмоциясына, мінез-құлқына жасанды интеллектінің көмегімен талдау жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ қоғамдық орындарда біреудің бет-әлпетін тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға болмайды. ЖИ көмегімен жеке деректерді жинау, талдау, енді заңға қайшы әрекет болып саналады. Ал қосымша бағдарламаларға «Жасанды интеллектінің негізінде жасалды» деген таңба қою міндеттеледі.
Бақберген Шәріпбек, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі басқармасының сарапшысы:
Мысалы, синтетикалық кескіндер, аудио, бейнематериалдар кескіндердің астыңғы бөлігінде немесе үстінде жасанды интеллектінің көмегімен жасалған дүние екені белгіленіп, көрсетілеуі тиіс. Тағы бір маңызды бөлім – авторлық құқық туралы. ЖИ көмегімен жасалған туындыларда адамның шығармашылық үлесі болса, енді ол заңмен қорғалады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00