«Екінші мұнай»: Геологиялық карта қашан жаңартылады?
Үкімет жетекшісі геологиялық лабораторияны келесі жылы тездетіп салуға пәрмен берді. Ал Үкіметке Президент Жолдауында тапсырған-ды. Қолданыстағы геологиялық карталар да нақты көріністің айнасы емес. Көнерген, 2003 жылы жасалған. Кеніштердің әлеуетін детальді бағамдауға мүмкіндік бермейді.
Ал күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналған пайдалы қазбалар, сирек металлдар қоры туралы жаңа мәліметтер бізге «не дейді»? Екінші жағынан, шикізатты тоқсаныншы жылдардағыдай тек сатпау пайымы мемлекеттік масштабта ма? Бұнда да көпвекторлы саясат керек.
Өткен аптада АҚШ-та жасаған келісім бойынша америкалықтармен Қарағанды облысында вольфрам кенін бірлесіп игеруге уағдаластық. «Солтүстік Қатпар» және «Жоғарғы Қайрақты» жобалары әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам кен орындары саналады. Мұндағы сирек металл қоры 410 мың тонна деп есептелген. Инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Оның 900 млн-ын АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі қаржыландырады.
Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, бірлескен кәсіпорын АҚШ-тың бақылауында болмақ. Ал енді басқа сирек металлдар қай жерлерде, қоры қанша? Потенциалды инвесторлар кімдер? Келісім-шарттарда мемлекет мүддесі таразы басына шығарыла ма?
Қашаған мен Қарашығанақтың инвесторларымен соттасып жүргендей, нәтижелі аяқталатынына онша сенім жоқ арбитражды сот жағалап кетпейміз бе? Данияр Қайыртайдың сараптамасы.
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08