Басты Жаңалықтар Қазақстан-Өзбекстан: Екі ел арасында жылына 4 млрд доллардан астам сауда жасалады

Қазақстан-Өзбекстан: Екі ел арасында жылына 4 млрд доллардан астам сауда жасалады

Жұма–сенбіде Президенттің Ташкентке мемлекеттік сапары болды.

Алдымен мынаны айта кетсек: саяси маусымның шымылдығы түріле салысымен – күздің басында Бейжің, екі жұма бұрын Вашингтон, ал осы аптадағы Мәскеу сапарлары және Орталық Азия басшыларымен дүркін-дүркін кездесу – кем дегенде ағымдағы уақыттың кең мағынадағы саяси-экономикалық мәселесін реттеген сияқтымыз.

Ташкенттегі кездесу бейнелеп айтқанда – «өзіміз отырып ішетін шәй». «Тәшкен шәйін» ойлап тапқан қазақтар дейді. Мәселе шәйдің атауында емес. Мәселе – жоққа шығара  алмайтын табиғи бәсекелестікті ортақ мүддеге келгенде қоя тұрып, мәмілеге келуде.

Иә, біз әрқайсымыз дербес саясатымызбен Орталық Азиялық «бір жұдырық» саясатын кіріктіріп жүргізбесек болмайтынын түпкілікті ұқтық деп үміттенеміз. Қателеспесек, бұл – өте жақсы тенденция.

Сонымен, бүгін кешке қарай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Мемлекет басшысын «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.



Бөлісу