Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің саны 1 млн-нан асады
Қарашаның үшінші жексенбісі – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні. Елімізде осы агроөнеркәсіп саласында тер төгетіндердің саны 1 млннан асады. Кәсіби мереке қарсаңында кеше Президенттің қатысуымен агрофорум өтті. Жиынға 2000-нан астам адам қатысты. Олардың арасында қарапайым шопаннан бастап, сауыншы, диқан, механизатор мамандары да бар. Мәселен, түйе шаруашылығының негізін қалаушы Сыдық Дәулетов жуырда, 1000 түйе қатысқан, ең ірі керуен ұйымдастырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сыдық Дәулетов, «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығының негізін қалаушы:
Бұл енді тек малмен мақтану емес, бұл туризм, ауыл шаруашылығын паш ету, оның ішінде осы кенже қалып қойған түй шаруашылығын әлемге таныту.
Рамазан Әбілдин, «Сарыөзен» шаруа қожалығының басшысы:
Қазақтың ақбасымен айналысамын 2016 жылдан бастап. Бүгінгі күні 300ге таяу ақ бас сиыр, 500ге тарта жылқы бар. Кеше 2016да сатып алсақ, бүгінгі күні өзіміз сататын дәрежеге жетіп отырмыз.
Кәмшат Төлеуова, «Нұралы» шаруа қожалығының басшысы:
Ең басында 100 бас ақбаспен бастаған ек, қазір енді біразға жетті. Мал шаруашылығымен қоса, ет комбинаты бордақылау алаңдары бар. Осы жерде басқа облыстың кәсіпкерлерімен жиналып мәр-сәре боламыз. Барлығыңызға ауыл шаруашылығы күні құтты болсын.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» - «Брюгге» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
20.01.2026, 20:39
Президент: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты істермен атап өтуіміз керек
20.01.2026, 20:37
Қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам
20.01.2026, 20:35
Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беріледі
20.01.2026, 20:33
Президент ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін сынға алды
20.01.2026, 20:29
Ұлт болашағын айқындайтын маңызды жобалар іске асырылады
20.01.2026, 20:27
Су дипломатиясы – стратегиялық міндет
20.01.2026, 20:21
Президент үш қалада ЖЭО құрылысын тездетуді тапсырды
20.01.2026, 20:20