БҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Оралдағы сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорынан төмен бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылымға шығарылды. Депутаттар мен құзырлы орган өкілдері тауарға бақылау жасады. Жыл басынан 172 кәсіпкер бағаны негізсіз көтерген.
Бүгіннен бастап сауда орындарына тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар тауарлар түсіп жатыр. Мысалы, мына картоп келісі - 154 теңге. Ал еркін сатылымдағы дәл осындай көкөніс құны 209 теңге. Таңдау тұтынушылардың өз еркінде.
Асланбек Махамбет, тұрғын:
Өте жақсы ғой. Үнемі аламыз. Осы жердің тұрақты клиентіміз, Салыстырмалы түрде осы жерде сәл арзандау. Сапасы да, бағасы да – барлығы ойдағыдай. Көңілден шығарлық.«Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры сауда сөрелеріне 5 мың тонна картоп жеткізген. Бастапқы бағасы - 140 т. Кәсіпкердің тек 15%-ға дейін үстемақы қосып сатуға құқы бар.
Ораз Жұмабаев, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ тұрақтандыру қорын басқару департаментінің директоры:
Жергілікті кәсіпкерлермен пияз, қырыққабат, сәбізге келісімшарт жссалды. Жалпы сомасы - 1,3 млрдқа көкөніс өнімдеріне келісімшарт бар.Мейрам Қабдығалиев облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі таңда жалпы сомасы 600 млнға жуық тауар өнімін сатып, 400-ден астам жәрмеңке өткізілді.Құзырлы органдар әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағасына мониторинг жасайды. Егер кәсіпкерлер тауар бағасын 15%-дан көтерсе, әкімшілік жазаға тартылады. Биыл саудагерлер макарон, қант, көкөніс құнын негізсіз қымбаттатқан.
Эльмира Қиматова, Сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментінің басшысы:
Ағымдағы жылы 172 сауда кәсіпкері 244-бабына сәйкес әкімшілік кодесінің әкімшілік жауапкершіліке тартылды. 85 жағдайда ескерту швғарылды, 87 әкімшілік хаттама толтырылып, Айыппұл салынды.Бағаны тұрақтандыру мақсатындағы шараларға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 10 мың тонна көкөніс, макарон, 5 млн дана жұмыртқа, тб өнімдер сатып алынған. Депутаттар да партиялық бақылау жасады.
Нұргүл Ашықова, Орал қалалық мәслихатының депутаты:
Былтырғыға қарағанда стабфондтан келіп тұрған шепекі май болсын, макарон, өзіміздің жергілікті өнімдер, күріш, бәрінің бағасы көңілге қонымды. Сапасы да жақсы.Келер айда пияз, сәбіз, қырыққабат секілді азық-түлік өнімдері саттыққа шығарылады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07