Басты Жаңалықтар Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Шавкат Мирзиёев күтіп алды. Ресми қарсы алу рәсімі кезінде Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сапар бағдарламасына сай маңызды келіссөздер ертеңге жоспарланған. Екі ел арасында соңғы жылдары сауда айналымының тұрақты өсуі байқалады. Былтыр алыс беріс 4 млрд доллардан асса, 2030 жылға қарай тараптар оны 10 млрд долларға дейін ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді, ал Өзбекстан, өз кезегінде, өңірдегі Қазақстанның сыртқы экономикалық серіктестері арасында тұрақты көшбасшы орынға ие.

Нұржан Өмірбек, СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы:

Осы екі мемлекетке өңірдегі ішкі жалпы өнімнің 80 пайыздан астамы тиесілі. Оған қоса екі мемлекетте өңірдің 70 пайыз халқы орналасқан. Соған байланысты осы екі мемлекеттің бір бірімен дұрыс қарым-қатынастары өзара түсіністігі келісілген қадамдары Орталық Азияның экономикалық тұрақтылығы мен одан ары гүлденуіне тікелей әсер етеді.

Бөлісу