Ғалымдар күріш қауызынан қатерлі ісікке қарсы сұйықтық тапты
Қызылордада Қорқыт ата университетінің жас ғалымдары кәдімгі күріш қауызынан қатерлі ісікті қайтаруға қолданатын элемент тапты. Олар қалдықты синтездеу арқылы моноглицерид сұйығын алып отыр. Бұл фармацефтикада кеңінен қолданылады. Ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдардың тың жаңалығын тілшіміз Әділбек Серікұлы айтып берсін.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сыр өңірде ең көп кездесетін қалдық ол күріш сабаны мен қауызы. Шаруалар оны күзде егіс алқабында құр өртеп жібереді. Дәл осы қажетсіз биогенді қалдықты жергілікті ғалымдар бірнеше жылдан бері түрлі сынмадан өткізіп келеді. Нәтижесінде, әлемде алғаш болып күріштің қауызынан моноглицерид элементін алып отыр.
Бұл өте күрделі ұзақ жасалатын химия-биологиялық процесс. Алдымен күріш қауызынан өсімдік майы алынады. Содан кейін түрлі қоспалардың реакциясынан моноглицерид бөлінеді. Жалпы фармацевтикада бұл сұйықтық бұған дейін пальма өсімдігінен және жыртқыш балық акуланың майынан табылған. Сондықтан, жергілікті ғалымдардың ізденісі мен талпынысы ғылыми тұрғыда үлкен жетістік.
Бекжан Әлімхан, ғылыми қызметкер:
Күріш қауызының құрамында 2,4 пайызды май бар. Соның экстракциясын жасаймыз. Әрі қарай экстрация жасалған майды глицеронис реакциясы бойынша моноглецирид деген препарат аламыз. Осы моноглицеридтерде ісікке қарсы қасиеттері және антиоксидантты қасиеттері бар.
Жоба жетекшісі профессор - Нұрбол Аппазов. Ол бұл жаңашылдығын шет елдің ғалымдарына жолдап, қазір ғылыми жұмысқа халықаралық деңгейде қызығушылық бар.
Нұрбол Аппазов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры:
Мәскеу қаласындағы Несменянов атындағы элементоорганикалық институтында биолог ғалымдарының тобы бар. Ғалымдар осы біздің қосылыстардың қазіргі таңда ісік ауруна қарсы белсенділігін зерттеуде. Алдағы уақытта отандық ісік ауруына қарсы препараттар жасау бағытында зерттеулеріміздің маңыздылығы зор деп есептейміз.
Жас ғалымдар сондай-ақ, күріш қауызының басқа да қасиетін анықтап, ағын суды тазартатын сорбенттерді сынақтан өткізіп жатыр.
Меруерт Төлегенқызы, зертхана инженері:
Күріш қауызынан аборциялық белсенділігі жоғары сорбенттер алынып жатыр. Бізде ағынды суларымызда көбіне құрамында органикалық ластағыштар, ауыр металдар иондары болады. Ауыр металдар иондарын осы собменттер өзінің бойына сіңіреді. Сол арқылы ағынды суларды тазартып қолдануға болады.
Жалпы, өңірде жыл сайын 80 мың гектар жерге күріш егіледі. Дәнді дақылдан қаншама тонна сабан мен қауыз алқапта қалады. Жергілікті ғалымдар егіннен қалатын қалдықарды ғылыми тұрғыда пайдаланып, келешекте формацевтика, тағам өнеркәсібіне кеңінен қолдануға болатынын дәлелдемек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы