Басты Жаңалықтар Ақтөбеде «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті

Ақтөбеде «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті

Ақтөбеде «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті. Бұл шара 800-ге жуық белсенді жастың басын қосты. Жиналғандар алдымен тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады. Мұнда студенттердің қиялынан шыққан туындылар қойылған. Жас ғалымдардың бірі қоқысты сұрыптауға арналған құрылғысын таныстырды. Форум «Тазалықты өзіңнен баста!» ұранымен өтіп жатыр. Қатысушыларды тіркеу барысында қағаз, қалам қолданылмайды. Бір рет пайдаланылған соң жарамсыз болып қалатын баннер орнына лэд экран қойылған. Шара барысында «Таза қазақстан» акциясына ерекше үлес қосқан жастар марапатталды. Жиналғандар жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарын бөлісті. Биыл  облыс орталығының өзінде 3 700 студент тазалық жұмыстарына қатысқан.

Бекарыс Олжабаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры:

Жаңа жоба - ол электронды сайт. Сайтта Ақтөбе қаласының сенбілік күнтізбесі жарияланады. Қала тұрғыны сол сайтқа кіру арқылы күнтізбені қарап, сенбіліктерге қатыса алады. Және әр тұрғын қаламыздағы мәселе бар аумақты суретке түсіріп салса, біздің қызметкерлерге жеңіл болады.
Бөлісу