Елімізде футбол индустриясының жаңа моделі қалыптасып жатыр
Белгілді кәсіпкер Михаил Ломтадзе «Жеңіс» клубының иесі атанып, Астанада әлемдік деңгейдегі балалар академиясын құруға инвестиция салатыны белгілі болды. Осылайша, еліміздегі футбол клубтары біртіндеп жекенің қолына өтіп, Қазақстанда футбол индустриясының жаңа моделі қалыптасып жатыр. Мемлекет басышының тапсырмасы да осындай еді. Яғни, кәсіби клубтар бюжетке тәуелді болмай, дербес дамудың жолына түсуі керек.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Биыл еліміздегі кәсіпқой футболды дамытуға 31 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген еді. Бұл әр аймақтағы бюджеттің бүйірін солқылдататын салмақ. Енді, сол млрдардың мөлшері мүжіліп, азая бермек. Өйткені, жекешелендіру жедел жүріп жатыр. Теңбіл доп беталды тебуге емес, табысты теруге арналған құрал. Еуропадағы ептілер ерте кірісіп, добымен миллиондаған долларды дөңгелетіп жатыр. Бізде бұл үрдіс президент пәрмен бергеннен кейін, енді-енді қарқын ала түсті.
Дәулет Сейітбеков, спорт комментаторы:
Мәселен, Хорватиялық «Хайдук» секілді футбол клубтары да жекенің қолына өтіп, қазір Еуропада жақсы нәтиже көрсетіп келе жатыр. Алысқа бармай-ақ қоялық алматылық «Қайраттың»-да нәтижесін ерекше айтып өту керекпіз. Енді қазір жекенің қолына өткен клубтарымыз бар. Солардың да нәтижесі жақсы болады деген ойдамыз.
Қазақстан премьер лигасында қазір 14 клуб бар. Сол клубтарды коммерцияландырудың көшін алматылық «Қайрат» бастап тұрғаны белгілі. «Шахтер» толық жекенің қолына өтуге шақ қалды, ал «Жеңіс», «Қызыл-Жар» және «Қайсар» футбол клубтары жекешелендірілді. Бұдан бөлек, «Тараз», «Елім-ай», «Ертіс» клубатыр бойынша инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр екен. Осы бағытта тартылған инвестицияның жалпы құны 45 млрд теңгеден асады.
Бақытжан Пазылхайыр, ҚФФ Кәсіби жарыстарды ұйымдастыру директоры:
Инвесторлар тарапынан инфрақұрылымға, балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға ниеттері болды. Сол себепті, үш клубтың өзінде «Шахтер», «Жеңіс» және «Қайсар» клубында жаңа академиялар салынатын болады.
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтың ұсынысымен 2021-2025 аралығындағы спортты дамытуға болінген қаражатты, оның ішінде кәсіпқой клубтардың жұмысы 12 рет тексерілген. Нәтижесінде 100-ден аса заң бұзушылық анықталған.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
2025 жылы Ақтөбе ФК облыстық прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесінде 250 млн теңгеден аса қаржының мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Оның да жауабын нақтыладық. Ойыншылардың ішкі ережесіз сияқты алуына, ойыншыларға бонус төлеуге, мердігер ұйымдарға қызмет көрсетуге кеткен. Міне, енді мекемелер тиісті шараларды қабылдайтын болады.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Жекешелендіру – жай ғана меншік иесін ауыстыру емес. Бұл – кәсіби менеджментке, нақты жауапкершілікке және ұзақ мерзімді инвестицияларға өту үрдісі. Нәтижесінде, мемлекет жыл сайын миллиардтаған қаржыны үнемдейді, ал үнемделген қаражат мектептерге, денсаулық сақтау саласына, спорттың бұқаралық базасына бағытталады. Қорыта айтқанда, біздің футболдың жаңа дуірі басталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы