М.Шоқай мұрасы халықаралық деңгейде зерттеледі
Қызылордада Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркі елдерінің ғалымдары бас қосқан жиында Алаш қозғалысы қайраткерінің өмір жолы мен мұралары туралы тың деректер айтылды.
Азаттық үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың саяси-қоғамдық ұстанымы, публицистикасы мен ағартушылық еңбектерін бүгінде Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан ғалымдары зерттеп, ғылыми жұмысына арқау еткен. Қайраткер тұлғаның мемлекетшілдік идеялары әлі де өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан, конференцияға қатысушылар Шоқай мұраларын зерттеудің халықаралық кеңесін құруды ұсынды. Сондай-ақ алдағы уақытта ашық цифрлық платформа іске қосылып, зерттеушілердің еңбектері мен академиялық жинақтары ғаламторда сақталады.
Гюллю Йологлу, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Мұстафа Шоқай өз дәуірінің көшбасшысы. Ұлтының ұлы зиялыларының бірі. Елінің егемендігін, азат ел болуы үшін күрескен саясаткер. Ол қазақ халқының ғана емес түркі елдерінің үлкен державасын құру идеясын да көтерген. Мұстафа туралы француз, неміс тілінде жазылған көптеген дерек, архив құжаттар сақталған. Соны зерттеп, мемлекетшілдік идеологиясын дәріптеуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы