Басты Жаңалықтар Қазақстан – авиация қауіпсіздігі бойынша көшбасшылар қатарында

Қазақстан – авиация қауіпсіздігі бойынша көшбасшылар қатарында

Елімізден әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады. 144 халықаралық бағыт бойынша аптасына 842 рейс жүзеге асырылады. Ішкі әуе қатынас та кең. 61 маршрут бойынша апта сайын 849 рейс бар. Сол ұшып-қонып жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Тілшіміз анықтап көрді.

Қазақстандағы әуе кемелерінің ұшу алдындағы тексеріс халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігінің талаптарына сай жүргізіледі. Бірінші инженер-механиктер ұшақ корпусын, қанат пен қозғалтқыштарын тексереді. Жанармайдың жеткілікті деңгейін және ағып кету қаупі жоқтығына көз жеткізеді. Тежегіштер мен басқару жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау, қону және ұшу шамдарын, навигациялық жүйелерді қарап шығу өте маңызды.

Ертай Ибраев, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторы:

Бұл үлкен кешенді жұмыс. Бірнеше бөлімшелердің жұмысынан құралады. Ауа райын бір бөлімше, ұшақтың жарамдығын бір бөлімше тексереді. Соның барлығын қосып, сол ақпарат әуе кеме командиріне жанағы экипажға берілгеннен кейін экипаж шешім қабылдайды.

Өкінішке қарай, әлемде және елімізде де ұшақ апаттары болды. Әр оқиғаға қатысты себеп пен болжам әртүрлі. Бірақ, құрметті авиатор Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, әуе экипажы ешқашан толық дайындықсыз рейсті бастамайды.

Ерғазы Жолдасов, ҚР құрметті авиаторы:

Пилоттар негізі тексеріп алады. Тексермей алды деген ол қауесетке жатуы мүмкін. Меніңше «Бек-эйр» компаниясының пилоттары оны тексерген. Тексергенде қанатының тазалығын біліп, жоғары жақта ки дейді ғой, рөл управлиениесі бар сол жерде оброботка істеткен. Сұйықтықты құйған. Бұл жерде сол сұйықтықтың сәйкестігі. Келе ме, келмей ме? Сол жерге мән беру керек деп ойлаймын.

Жалпы Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ТМД мен ИКАО-ның Еуро-Азиаттық аймағында көш бастап тұр. Жүргізілген  кешенді аудиттің нәтижесінде стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7 пайызға жеткен.


Бөлісу