Биыл мұнай өндіру 15 млн тоннаға артады
Қазақстанда биыл мұнай өндіру көлемі 15 млн тоннаға артады. Алайда әлемдік нарықтағы жағдай отандық табысқа кері әсер етіп отыр. Сарапшылардың мәліметінше, мұнайдың әлемдік бағасы былтырғымен салыстырғанда 15 долларға төмендеген. Бұл туралы Қаржыгерлер күніне арналған дөңгелек үстелде айтылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен саланың сарапшылары, сондай-ақ ғалымдар жиналған жиында «фискалдық және монетарлық саясаттың жаңа тәсілдері» талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, экономикалық саясатты тиімді үйлестіру инфляцияны тұрақтандырып, экономикалық құлдыраудың алдын алады. Сол себепті нақты статистика жүргізіліп, ел экономикасы үшін оң шешімдер қабылдануы тиіс.
Жақсыбек Құлекеев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ директорлар кеңесінің төрағасы:
Биылғы жылы былтырғы жылғы мұнайдың орташа бағасымен салыстырғанда баға 15 долларға төмен болып тұр. Соның салдарынан биыл быртырғыдан да көп өндіріп жатырмыз, бірақ мұнай саласына түсетін табыс әлі де болса төмен болып отыр. Әрине олардың табысы азайғаннан кейін мұнай өндіруші компаниялар өздерінің қызметкерлеріне жалақыны көтере алмайды.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00